Меню KDT
ДС-ЖМ сағ. 09:00-18:00
Астана қаласы, Қабанбай батыр 11/5
uasto.ks@gmail.com

Жекпе-жек

«Жекпе-жек» – қазақтың ұлттық әскери - жауынгерлік өнері. Бес қаруын бойында ұстаған батыр бабаларымыздың даңқты дәстүрі. Келешек ұрпақтың рухты болуының кепілі. Ел мен жерді қорғаудың, Отан қорғаудың озық тәсілі, дәстүрлі жүйесі.

Жекпе-жек өнерінің дүние жүзінде сан түрлі атауы, ережесі, ерекшелігі бар. Бірақ барлығындағы басты ұстаным – әділ жеңіс. Ертеде хас батырлардың бір-бірімен жеке шайқасын – «жекпе-жек» деп атаған. «Жекпе-жек» атауының тура баламасы өзге ешқандай тілде жоқ. Жекпе-жек - қарсылас қос батырдың бес қарумен күш-қуатын, әдіс-айласын, шеберлігін сынайтын әділ бәсеке.

Тұңғыш республикалық «жекпе-жек» федерациясы 2001 жылы КСРО-ның  еңбек сіңірген спорт шебері, КСРО және Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Дүниежүзілік «Жекпе – жек» Қауымдастығының президенті Сабыржан Ғалымжанұлы Махметтің басшылығымен құрылған.

1992 жылы Алматы қаласының цирк аренасында жекпе-жектен дүниежүзілік қазақтарының құрылтайына арналған ең алғашқы халықаралық турнир өткізілсе, 2005 жылы 9 мамыр күні Отан соғысының 60 – жылдығына арналған ең алғашқы республикалық чемпионат өткізілді.

2012 жылы республикалық «Жекпе-жек» ұлттық спорт федерациясы қайта құрылып, 2013 спорт түрі ретінде танылып, спорттық реестріне ресми түрде тіркелді.