Меню KDT
ДС-ЖМ сағ. 09:00-18:00
Астана қаласы, Қабанбай батыр 11/5
uasto.ks@gmail.com

ҚҰСБЕГІЛІК

Қазақ халқындағы өте ертеден келе жатқан спорттық өнер. Тарихи деректерге сенер болсақ, құсбегілік өнері бұдан үш мың жылдай бұрын пайда болған. Біздің дәуірімізге дейінгі ғасырлардан хабардар ететін тастағы ойма суретте құс ұстаған адамдар бейнеленген. Сол секілді Қазақ жерінде жүргізілген археологиялық қазба жұмыстардың нәтижесіне үңілсен де алтын ұстап, темір қортқан ата-бабаларымыздың құсбегілікті, тазымен аң аулауды қатар алып жүргенің аңғарасың. Оған Атыраудан бастап Алтайға дейін, одан Алатауға дейінгі, Арқаға дейінгі алып жатқан құт мекеннің кез келген жерінен табылған құсбегілік туралы деректер дәлел бола алады. Қыран мен сұңқар, төрт аяқты тұлпар бейнеленген алтын құймалар Атыраудағы Аралтөбе қорымынан, Алматы маңындағы Есіктен табылғаны баршаға мәлім.

Төрткүл дүниені билемек болған Шыңғысханның сұңқар салғандығы, Керей Тұғырыл хан, Әмір темір қолы бос кезде құс салып, ит жүгіртуді әдепті әдетке айналдырғаны айтылады. Орта ғасырлардағы итальян саяхатшысы Марко Полоның жазбаларында Құбылай ханның саятшылық мақсатта қолға үйреткен бес жүз сұңқары жәнеде басқа да қыран құстарының болғандығын және оларды баптап, күтуге, арнайы оң мың құсбегі ұстағанын жазады. Ал Жошы ханның айналасында үш мың қыран, Абылай ханның 500 бүркіт, 300 қаршыға, сұңқар ұстаған құсбегілері туралы деректер бар. Ішін ара бұл өнер араб, қырғыз, түркмендердің арасында дамыған. Крестшілер жорығынан кейін араб мәдениетімен танысқан еуропалықтар сұңқар салуды үйренген.

Саятшылық яғни құс салып аң аулау өнері де қазақ өміріндегі сирек кездесетін қызықты салт. Мұндай адамды құсбегі деп атайды. Құстың тілін білетін және оның мінез құлқын, жан дүниесін, қасиеті мен табиғатын білетін адамдар көп болған. Олар қазір де бар, бірақ сирек кездеседі. Құсбегілер көбінесе бүркіт, лашын, қаршыға, сұңқар, ителгі, қырғи сияқты жыртқыш құстарды ұстап аңға салып баулиды. Құсбегілер көбінесе бүркіт ұстайды. Сыр сипатына қарай оған ат қойылады. Жасына қалай олар: тастүлек, мұзбалақ, көк түбіт, май түбіт, барқын, баршын деп бөледі.

Алғыр құстарды қыран, шәулі деп бағалайды. Құстың құндақ, тұғыр, томаға деп аталатын әбзел жарақтары болады. Бабы келген бүркіт қасқыр, түлкі, қасқыр, киік, қоянға түседі. Ал жаз кезінде қыран құстарын қас-үйрек, қырғауыл, шіл, кекілікке салады. Саятшылар мен аңшылардың күтетін ең сәтті күні сонар. Жаңа жауған қарға түскен із тайға таңба басқандай сайрап жатады. Сонар үшке бөлінеді: ұзақ сонар, келте сонар және қан сонар. Мұның ішіндегі ең қызығы қан сонар.