Меню KDT
ДС-ЖМ сағ. 09:00-18:00
Астана қаласы, Қабанбай батыр 11/5
uasto.ks@gmail.com

Аударыспақ

Салт аттылардың бірін-бірі ер үстінен аударып алу сайысы. Бұл ойынға дайындығы жақсы қайрат күші мол, батылда төзімді, шапшаң қимылдайтын ат құлағанда ойнай білетін жігеттер қатысады. Тәжірбиесі аз ойыншылар үшін қиын болады. Ежелгі заманнан келе жатқан бұл ойын жаугершілік заманда жігіттерді жауынгерлік қасиеттерге тәрбиелеген. Найза ұстап, семсерлесуге септігін тигізген.

Ережесі.

Аударыспаққа 18 жастан бастап қатысады. Қазір аударыспақ салмақ дәрежелеріне бөліну арқылы өткізіліп келеді. Аударыспаққа салмақ дәрежесін енгізу мақсаты – қатысушыларға теңдік жағдай туғызу. Себебі бұрындары салмаққа қарамай қатыса берген. Қазіргі кезде аударыспақ 60, 70,80, 90, +90 кг салмақ дәрежелері бойынша өткізіледі. Жігіттер көк және қызыл белбеу киеді. Аударыспақ аумағы 30 метр. Уақыты 5 минут. Аударыспаққа негізінен аласа, епті күшті жылқылар күшті таңдалады. Ойында аты белді, өзі мығым, білекті жігіттер жеңіске жетеді.

Аударыспақта негізгі рольді атпен ойыншы жігіттер атқарады. Жұла қашу салып қалу, қол қайыру секілді айла тәсілдерді қолдануға тиым салынады.