Меню KDT
ДС-ЖМ сағ. 09:00-18:00
Астана қаласы, Қабанбай батыр 11/5
uasto.ks@gmail.com

Дәстүрлі садақ ату

■ Қазақтың бай тілінде «мерген» дейтін атау бар. Ерте кезде садақ ату мен мергендік өнер бір сөзбен айтқанда, ұлыстың бекемдігі үшін баға жетпес құндылық саналған. Сондықтан көшпелі халқымыз ер баланы жастайынан садақ ұстауға баулып, елін қорғауға тәрбиелеген.
■ Өйткені садақ ату – жауынгерлік өнер. Оның пайда болу мерзімін көптеген тарихшы-ғалым б.з.б. ІV-ІІІ ғасырлар үлесіне жатқызып жүр. Зерттеушілердің пікірінше, көшпелі Ғұн ұлысы алғаш рет садақшылар (мергендер) қосынын дүниеге келтірген. Қытай жазбаларында ғұндар көсемі тәңірқұты Мөденің үш мың мерген садақшылары болғаны жайлы дерек айтылады. Жазушы һәм зерттеуші Қойшығара Салғараұлы өз еңбектерінде ғұндар аса қуатты ысқырғыш жебесі бар садақ қол¬да¬нып, жауының үрейін ұшырғаны жайлы жазады.
■ Ең көне әрі көп таралған қару түрлерінің бірі. Садақтың тарихы сонау мезолит дәуірінен басталады. Садақ қарапайым және күрделі деп екі түрге бөлінеді.
Қарапайым садақты үйеңкі, басқа да қатты ағаш шыбықтарын доғаша иіп, екі ұшын қайыспен керіп жасайды. Күрделі садақтың сыртқы бетіне сіңір тартылып, ішкі жағы мүйізбен қапталады, кейде ортасы мен екі шетіне сүйек бастырма қағылады. Сарматтар, сақтар және ғұн дәуірінде садақтың осы күрделі деп аталатын түрі пайдаланылған