Г.АЛЫБАЕВА: «ҚАЗАҚТЫҢ ҚҰРАЛАЙДЫ КӨЗГЕ АТҚАН МЕРГЕН ЕКЕНІН ДӘЛЕЛДЕЙМІН» Жамбы атудан жүлдесіз қайтпай жүрген аруымыз - Гүлдана Алыбаева. Алматы облысы, Қарасай ауданы, Тұрар ауылының тумасы. Бірнеше халықаралық, республикалық жарыстардың жүлдегері. Желіген аттың үстінде, нысананы дөп көздейтін мерген қыздың жасы 20-да. Көшпенділердің көне өнерін кәсіп еткен аруымыз жамбы атуда жігіттермен қатар шауып, нысана көздеуде талайынан оқ бойы озық шығып жүр. Гүлдана «әлем мойындағын спортта алар асуым әлі де көп», - дейді. Мақсаты Дүниежүзілік көшпенділер ойынында ел мерейін үстем етіп, қазақ ұлтының құралайды көзге атқан мерген екенін дәлелдеу.