Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласында Хадиша Бөкеева атындағы қазақ драма театрында тоғызқұмалақ ойындарынан ерлер арасында Қазақстан Республикасының командалық чемпионаты өтті. Жарыс ағымдағы жылдың сәуір айының 14-21 күндер аралығында жалғасты. Қазақстан Республикасының Мәдиниет және спорт министрлігі мен Батыс Қазақстан Облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен өткен жарысқа еліміздің 3- қаласы мен 9-облысынан жалпы саны 80-ге жуық спортшылар бақ сынады. Классика түрі бойынша 1-ші орынды Ақтөбе облысы иемденсе 2-ші орынға Павлодар облысы ал 3-ші орынға Қарағанды облысы жайғасты. Чемпионаттың блиц түрі бойынша 1-ші орын Қызылорда облысы, 2-ші орын Ақтөбе облысы, 3-орын Батыс Қазақстан облысы.