Талдықорған қаласында қазақ күресінен жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Жарыс мамыр айының 5-8 күндер аралығындағы чемпионатқа 17 аймақтан 400 спортшы қатысты. Чемпионатқа қатысушылардың басым бөлігі 340-спортшы ер балалар болса, қалған 60-ы қыз балалар. Жарыстың жалпы командалық есебінің қортындысы чемпионаттың алтынын Ақтөбе облысы жеңді, екінші орынға Жамбыл облысының спортшылары жайғасты, чемпионаттың қола жүлдесін Шығыс Қазақстан облысының спортшылары қанжығаларына байлады.