(Ескерту: негізгі медаль үш стильдің қорытындысы бойынша анықталады, әзірге аталған медаль 1 стильден кіші медаль болып табылады)
IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында ат үстінде садақ атудан (жамбы ату) еліміздің намысын Ералхан Айкөз, Абзал Тұлыбеков, Бақдәулет Бабажан қорғап жатыр.
Ат үстінде садақ ату 3 стиль бойынша (2 түрік стилі, 1 венгр стилі) өтуде. Жарыстың екінші күнінде қабақ ату (түрік стилі) бойынша қазақстандық спортшы күміс жүлдеге (кіші медаль) ие болды!
Әлемнің 21 елінен келген 75 спортшы бақ сынаған бәсекеде жамбы атудан тұңғыш Әлем чемпионы Ералхан Айкөз қарсыласына сәл ғана айырмашылықпен есе жіберді.
Алда әлі екі стиль бойынша сайыстар бар, спортшыларымыздан жүлде күтеміз.
Күміс жүлде құтты болсын!