Азия біріншілігінің жабылу салтанатында ҚР мәдениет және спорт вице-министрі С.Жарасбаев, Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы С.Ерғалиев, ҚР ұлттық спорт қауымдастығының президенті И.Салжанов қатысып, спортшыларды марапаттады.
Астана қаласында 1-4 желтоқсан аралығында Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия, Тәжікстан, Үндістан, Ресей (Алтай) Пәкістан, Қытай елдерінен келген спортшылар асық атудан Азияның мықтысын анықтады.
Аталған халықаралық шараны ҚР мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті, Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы, ҚР ұлттық спорт қауымдастығы, «Асық ату» федерациясы ұйымдастырды.
Қазақстанның намысын ұлттық құрама мүшешері «Қазақстан – 1», «Қазақстан – 2» командасына бөлініп қорғады.
QSPORT спорт кешенінде 9 елдің 80 спортшысы айналмалы жүйе бойынша өзара мықтыны анықтады.
Чемпионат барысында шетелдік жаттықтырушылар мен спортшыларға арналған семинар өтті.
Чемпионат қорытындысы:
Асық ату
I орын - Қазақстан (Қазақстан - 1)
II орын - Қазақстан (Қазақстан - 2)
III орын - Қырғызстан
Бес асық
I орын - Қазақстан (Қазақстан - 1)
II орын - Қазақстан (Қазақстан - 2)
III орын - Моңғолия
Жеңімпаз, жүлдегерлерді құттықтаймыз!
Спортты қолдау қоры “Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының” демеушісі болып табылады.