Меню KDT
ДС-ЖМ сағ. 09:00-18:00
Астана қаласы, Қабанбай батыр 11/5
uasto.ks@gmail.com

Жаңалықтар

АТ ҮСТІНДЕ КҮРЕСКЕН БАЛУАНДАРЫМЫЗ ЖАРАДЫ


Ат үстіндегі күрестен жастар арасындағы әлем чемпионаты мәресіне жетті. Сайысқа түскен 6 сарбазымыз да жүлдеді болды. Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Қытай, Монғолия, Мажарстан, Ауғанстан, Ресей мемлекеттерінің құрыш білек, бекем белді балуандарының арасынан біздің ұлттық құрама жалпы есепте екінші орынға ие болды. Қырғызстан жеңімпаздар көшін бастады. Ресей үздік үштікті түйіндеді.

Біздің балуандардың нәтижелері:

60 келі: Жалғас Алтынбек III орын

70 келі: Сайлау Мұхамеджан І орын

80 келі: Дарын Өткелбай І орын

90 келі: Ғабит Ағабек ІІІ орын

100 келі: Виктор Тимофеев ІІІ орын

+ 100 келі: Нұржан Еркінұлы І орын

 


Жарысқа жастардан жасақталған құраманы бас бапкер Жанбатыр Бекмұсаев пен ат спорты түрлерінен мемлекеттік жаттықтырушы Нұркен Манапұлы бастап барды. Ұлттық спорттың бір ерекшелігі ұрпақтар сабақтастығы сақталған. Сүйекке сіңген қастерлі қасиетті біздің спортшылардан анық байқайсыз. 70 келіде жастар арасында тұңғыш әлем чемпионы атанған Сайлау Мұхамеджан аударыспақтан еңбек сіңірген жаттықтырушы Жанбатыр Бекмұсаевтың ұлы. Ал, 80 келі салмақ дәрежесіндегі Дарын Өткелбай даңқты шабандоз Ақылбай Манкеевтің баласы. Ақылбай аударыспақтан алғашқы спорт шеберін қорғаған спортшылардың бірі. Әкелі балалы спортшыларымыз 20 жалдан астам уақыт бойы ел намысын қорғап келе жатыр. Тұлпар мініп, ту ұстаған азаматтар абырой биігінен түспесін!

09.10
0


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь